Анашым

14.08.2014 - 01:31 — Скарлетт | |
Ваша оценка: Нет Средняя: 4.3 (9 votes)

Мама, мен сені қатты жақсы көремін. Күні бойы тыным таппай көп еңбек етесің. Бізге әртүрлі тағам пісіруден жалықпайсың. Мен ешқашан сендей бола алмаспын. Сізге көп нәрсе айтып, сезімімді білдіргім келеді, бірақ менің батылсыздығымның кесірінен айтылмай жатады. Сізді ренжіткен кездерім көп болды, сол үшін кешірім сұраймын, әдйі жасамадым. Кішкентай кезімде сізді ұятқа көп өалдырдым, ренжіттім, сол үшін кешірші. Сізден өз қылықтарым үшін кешірім сұрағым келеді, өзімді әлі күнге дейін кінәлаймын. Ұяламын, бұл оқиғалар мені жайыма қалдырар емес, ұмыта алмаймын. Сондықтан суық шығармын, адамдармен тез табыса кеткім келеді, бірақ менің бетімді кері қайтарады деген қорқыныш ойымнан кетпейді. Ең бастысы қазір көп уақыт өтті, ұмтылды... Сізді жақсы көремін анашым, махаббатым шексіз, әрқашанда деніңіз сау, бақытты болыңыз!